Қасым-Жомарт Тоқаев: Ресейлік компаниялардың Қазақстанға инвестициясы 17 млрд доллардан асты 

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ресейлік компаниялардың Қазақстанға инвестициясы 17 млрд доллардан асты 
presska.ru

Ресейлік компаниялардың Қазақстанға салған инвестиция көлемі 17 млрд доллардан асты. Бұл туралы Қазақстан Президенті ресейлік әріптесі Владимир Путинмен өткен кездесу қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына жасаған бірлескен мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Карантин шектеулеріне қарамастан, былтыр өзара сауда-саттықта ең жоғары нәтижелерге қол жеткізілді. Сауда көлемі 21 млрд доллардан асты. Ресей компаниялары Қазақстан экономикасындағы жетекші инвесторлардың бестігіне кіреді. Олардың жалпы салымы 17 млрд доллардан асты. Ресей Қазақстандағы шетелдік капиталы бар компаниялардың саны бойынша көшбасшы болып саналады.

Әрбір үшінші осындай компания ресейлік компаниялардың қатысуымен құрылған. Олардың жалпы инвестициялық протфелі бүкіл салаларда көрініс тапқан. Біз өндірістік кооперацияны кеңейтудің келешегін талқыладық. Бұл бағытта біздің елдер 13 ірі жобаны аяқтады», - деді Президент.