Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына ресми сапармен барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына ресми сапармен барды
Сурет: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресей Федерациясына ресми сапармен барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz БОРТ №1 Telegram каналына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы ертең Мәскеуде Ресей Президентімен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ екі елдің басшылары Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына бейнебайланыс режимінде қатысады.