Қасым-Жомарт Тоқаев: Олигархтарға тиесілі мол байлық жұмысшы және орта таптың игілігіне жұмсалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Олигархтарға тиесілі мол байлық жұмысшы және орта таптың игілігіне жұмсалады
almaty-akshamy.kz

Жүйе тек таңдаулы адамдар үшін ғана емес, азаматтарымыздың игілігіне қызмет етуі керек - Президент

АҚШ-тың The National Interest журналында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Еуразиядағы құбылмалы жағдай Қазақстанның дамуын бәсеңдетпейді" (Turbulence Across Eurasia Will Not Slow Kazakhstan’s Progress) атты мақаласы жарияланды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан экономикасын монополиядан арылту мәселесі туралы айта келіп, "жүйе тек таңдаулы адамдар үшін ғана емес, азаматтарымыздың игілігіне қызмет етуі керек" дейді. Өкінішке қарай, бұрын бұндай жағдайға жиі жол берілгенін еске салды. Осыған байланысты Президент "инклюзивсіз өсім орнықты болмайды", - деп атап өтті.

Сондай-ақ мақалада "олигархтар мен олардың монополияларына тиесілі орасан мол байлық еліміздің жұмысшы және орта таптарының игілігіне қайта жұмсалады", - деп жазылған.