Қасым-Жомарт Тоқаев Дәурен Абаевты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Дәурен Абаевты қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісі Дәурен Абаевты қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Ресей Федерациясымен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтудың аса маңызды екенін атап өтті.

Президент екіжақты қарым-қатынасты дамыту жөнінде Дәурен Абаевқа бірқатар тапсырма берді.