Непалда үш күн жауған толассыз жауыннан 90-ға жуық адам қайтыс болды

Непалда үш күн  жауған толассыз жауыннан 90-ға жуық адам қайтыс болды
Сурет: 24.kz

Табиғат апатынан адамдар зардап шегуде

Непалда соңғы үш күн қатарынан толассыз жауған жаңбыр салдарынан көшкін мен су тасқынынан кем дегенде 88 адам қаза тауып, 30 адам хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы 21 қазан күні Nepal Live Today ақпараттық порталы хабарлаған. Газеттің мәлімдеуінше, табиғи апат құрбандарының саны 19 қазан күні 14 адам, 20 қазанда 63 адам, 21 қазан күні 11 адамды құраған.

Қаза тапқандардың 27-сі - елдің шығысындағы Пантчар ауданынының тұрғындары. Метеоролог мамандар 21 қазанда ауа райы жақсарады деп болжауда.