Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының арнаулы өкілін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының арнаулы өкілін қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Кездесуде Ауғанстандағы дағдарысты тұрақтандыру, гуманитарлық көмек көрсету және әлеуметтік-экономикалық жағдайды қалпына келтіру жөніндегі халықаралық күш-жігер аясында Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты дамытудың перспективалары талқыланды.  

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының арнаулы өкілі және Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі БҰҰ миссиясының басшысы Дебора Лайонсты қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Қазақстанның терроризм мен экстремизмге қарсы күрес, Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету, ауған студенттері үшін білім беру бағдарламаларын жалғастыру салалары бойынша халықаралық қоғамдастықпен жан-жақты ынтымақтастықты жалғастыруға бейілді екенін растады.

Дебора Лайонс Мемлекет басшысына Еуропалық Одақ пен Орталық Азияның Ауғанстан жөніндегі арнаулы өкілдерінің кеше Алматыда өткен екінші кездесуінің қорытындысы, сондай-ақ UNAMA кеңсесінің Ауғанстанды қалпына келтіру үшін қабылдаған шаралары жөнінде мәлімет берді.