Қарапайым ел тұрғындары 29 мемлекетке визасыз бара алады

Қарапайым ел тұрғындары 29 мемлекетке визасыз бара алады
Сурет: globalvisa.kz

Тіпті кей мемлекеттерде бір немесе жарты жыл еркін саяхаттауға мүмкіндік бар.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Тағы 12 мемлекетте 90 күн қосымша тіркеусіз тұрақтауға жағдай жасалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Ал Гонконг пен Омандағы визасыз режим 2 аптаға беріледі. Дипломатиялық паспорты бар азаматтар 75 елге саяхаттай алады. Қызметтік паспорт иелерін 53 мемлекет виза сұрамай қабылдайды екен. 

ВИЗАСЫЗ МЕМЛЕКЕТТЕРДЕ ҚАНША КҮН ТҰРАҚТАУҒА БОЛАДЫ?

Грузия - 365 күн, Армения - 180 күн, Беларусь - 90 күн, Өзбекстан - 30 күн, Барбадос - 28 күн, Гонконг - 14 күн.