Қарағанды өртеніп жатыр

Қарағанды өртеніп жатыр
Сурет: Almaty.tv

Болжам бойынша, өрттің шығу себебі темекі немесе сіріңкеден болуы мүмкін.

Тілсіз жауды ауыздықтауға 66 адам мен 10 техника жұмылдырылыпты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы арнасына сілтеме жасап.

Қызыл жалын 3 гектар аумақты шарпыған.

Қарағанды облыстық ТЖД мәліметіне сәйкес, бұл маңда екі күн бұрын өрт тіркелген.

«Өртті сөндіру екпінді желдің салдарынан күрделене түсті. Себебі ол бағытын өзгертіп жатыр. Осевая көшесіндегі нысандарға өрт таралу қаупі төніп тұр. Жақын маңдағы саяжайларға да жайылды деген ақпарат бар. Зардап шеккендер жоқ. Жұмыс жалғасып жатыр», – деді Қарағанды облыстық ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов.