Қара алтынның әлемдік бағасы 90 доллардан асты

Қара алтынның әлемдік бағасы 90 доллардан асты
Сурет: Aa.com.tr

92,91 долларға жетті.

Brent маркалы мұнай бағасы халықаралық биржада жұма күні баррелі 90,32 доллар болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

Бейсенбідегі соңғы сауда-саттықта мұнай баррелінің құны 92,91 долларға жетіп, кешке 89,78 доллар болған еді.

18 қараша сағат 09:08-дегі (Астана уақытымен 06:08) жағдай бойынша мұнайдың эталон маркасының бағасы 0,60 процентке өсіп, баррелі 90,32 долларға жетті. WTI маркалы мұнай фьючерстері 82,31 долларға жетті. Мұнай бағасы басқа валюталарға қатысты доллар индексінің төмендеуіне байланысты төмендеп отыр.