Қар барысы қайда кетті?

Қар барысы қайда кетті?
Almaty-akshamy.kz

Абылай хан даңғылы, 59/61 үйіндегі муралды ауыстыруға қатысты қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының түсініктемесі

Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Абылай хан даңғылы, 59/61 мекенжайындағы тұрғын үйдің қасбетіндегі қар барысы муралын жарнамалық муралға ауыстыруға оның тұрғындарымен келіскеннен кейін осы үйдің "Орман" ТПИК бастамашысы болғанын хабарлайды ("Орман" ТПИК ақпараты бойынша). 

Үйге жарнамалық кескін сурет салуға тек иелерінің құқығы бар екенін айтқан жөн. 

2023 жылдың 5 мамырында басқарма 70 шаршы метрлік жарнамалық муралды орналастыру туралы хабарламаны тіркеді. Бұл жарнаманы заңдастыру үшін тапсырыс беруші компания басқармаға барлық қажетті құжатын ұсынды.

Хабарламаны тіркеуден бас тартуға негіз болған жоқ, себебі эскиз Қазақстан Республикасының жарнама саласындағы заңнаманың талаптарына толық сай.