Қар аралас жаңбыр жауады

Қар аралас жаңбыр жауады
Сурет: ашық дереккөз

15 қыркүйекте атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, күн күркіреп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, батыста, шығыста, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Еліміздің оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады.

Батыста, шығыста, оңтүстік-шығыста екпінді жел соғады, орталықта және оңтүстік-шығыста бұршақ жауады. Батыста, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылордада, Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, шығысында және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл, Түркістан, Қарағанды ​​облыстарында, Атыраудың солтүстігінде, Алматы облыстарының солтүстік жартысында жоғары өрт қаупі бар.