Қаңтар оқиғасы бойынша 469 адам қамауда

Қаңтар оқиғасы бойынша 469 адам қамауда
Сурет: Inform.kz

ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов осылай деді.

Қаңтар оқиғасы бойынша соттың санкциясымен 469 адам қамауда отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

«Өткен жолғы брифингте мемлекеттік нысандарға шабуыл жасаушылардың іс-әрекеттері терроризм актілері және жекелеген тұлғалардың іс-әрекеттері жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу ретінде сараланатын жағдайлар туралы айтылды. Ведомствоаралық тергеу тобы арнайы прокурорлардың басшылығымен аталған санаттағы 91 істі тергеуде, оның ішінде терроризм актілері бойынша – 46 және жаппай тәртіпсіздіктер бойынша - 45. Бұл істерді тергеу аясында соттың санкциясымен 469 адам қамауда отыр», - деді Е. Қилымжанов.

Оның айтуынша, жеке басын, жасалған қылмыстағы рөлін, тергеуге жәрдемдесуді ескере отырып, 128 күдіктіге қатысты қамауда ұстау ешқайда кетпеу туралы қолхатқа, кепілге және жеке кепілгерлікке ауыстырылды.