Қанат Тумыш Үндістан Республикасының Елшісімен кездесті

Қанат Тумыш Үндістан Республикасының Елшісімен кездесті
Сурет: Сыртқы істер министрлігі

 Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Үндістан Республикасының Елшісі Шубдаршини Трипатимен оның Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты кездесті.

Екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелерін талқылай отырып, сұхбаттастар қазақ-үнді стратегиялық әріптестігінің қарышты дамуына қанағаттанушылықтарын білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Сонымен қатар кездесу барысында 2023 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Үндістан арасындағы өзара тауар айналымының 379,5 млн АҚШ долларына дейін (+3,9%) өсуі атап өтілді.

Кездесу соңында Қ.Тұмыш Елшіге атқарған жұмысы үшін алғыс білдіріп, ҚР Сыртқы істер министрінің атынан Қазақстан мен Үндістан арасындағы саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс хат табыс етті.