Қанат Исламның алғашқы жеңілісінен кейін рингке қай күні шығатыны белгілі болды

Қанат Исламның алғашқы жеңілісінен кейін рингке қай күні шығатыны белгілі болды
Сурет: Azh.kz

Нақты күнін 7 қазанға белгіледі.

Белгілі былғары қолғап шебері Қанат Ислам мансабындағы алғашқы жеңілісінен кейін шаршы алаңға қай күні шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Sports.kz сайтының мәліметінше, қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-1, 22 КО) алдағы екі аптаның шамасында рингке оралады.
Қанат Исламның жаттықтырушысы Роджер Ромо боксшының келесі жекпе-жегінің нақты күнін 7 қазанға белгіледі. Қазақ боксшысының қайда және кіммен жұдырықтасатыны әзірге анықталған жоқ.

Еске сала кетейік, Қанат Ислам ақпан айында соңғы жекпе-жегін өткізіп, кәсіпқой бокс мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшыраған болатын. Ол британдық Джимми Келлимен (26-3, 10 КО) қолғап түйістіріп, жеңіліп қалған еді. Бұл жекпе-жекте орта салмақтағы WBO Global титулы сарапқа салынады. Ислам бұған дейін WBO International титулына ие болған.