Кәрім Мәсімовтің қамау мерзімі ұзартылды

Кәрім Мәсімовтің қамау мерзімі ұзартылды
Сурет: News.zerkalo.io

Қамаудағы мерзімі 6 тамызға дейін созылды.

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің қамаудағы мерзімі 6 тамызға дейін созылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Abai.kz сілтеме жасап.

Комитет мәліметінше, ҰҚК төрағасының бұрынғы екі орынбасарының да қамаудағы мерзімі ұзартылды: Әнуар Садықұлы 6 тамызға дейін, ал Дәулет Ерғожин 13 тамызға дейін қамауда отырады.

ҰҚК-нің бұрынғы басшыларына қарсы қылмыстық іске "Аса құпия" мөрі басылған.

Көп жыл бойы Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді серігі болған Кәрім Мәсімов 5 қаңтарда қамалған. Ол сол күні Қазақстан қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысқан. Осы отырыста Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеңес төрағалығын өз мойына алғанын және Қазақстанға "халықаралық террористік топ" шабуыл жасағанын мәлімдеген.

8 қаңтарда ҰҚК "мемлекетке опасыздық жасады" деген күдікпен Кәрім Мәсімовтің қамауға алынғанын, 13 қаңтарда "билікті күшпен басып алу" бабы бойынша да іс қозғалғанын хабарлаған.