Кәмшаттың таңдағаны кім?

Кәмшаттың таңдағаны кім?
Сурет: Instagram

Жағымды жаңалық әлеуметтік желілерде таралды.

Әншінің таңдауы - өзінен бес жас кіші Ғазрет Ержанов есімді актер жігіт, деп хабарлайды Almaty-akshamy.

Екеуі де бұрын "Рауза" сериалына түскен.

1 наурызда TikTok желісінде Кәмшат Жолдыбаеваның "қыз ұзату" рәсімінен түсірілген видеолар пайда болды. Видеода Кәмшат Жолдыбаева мен Ғазрет Ержанов жайылған дастархан басында отыр. Кәмшат қазақша киінген.

Бір қызығы, әнші де, актер де өміріндегі қуанышты жаңалық туралы әлі тіс жарған жоқ. Бірақ "Рауза" сериалы шыққаннан кейін Кәмшат Жолдыбаева мен Ғазрет Ержанов кездесіп жүр деген қауесет пайда болған.