Кабирханның тағы бір жетістігі

Кабирханның тағы бір жетістігі
Сурет: ашық дереккөз

Кабирхан Дубайда өткен жарыста өзінің артықшылығын тағы дәлелдеді.

Бұл жолы Longines ұсынған Al Maktoum Challenge (1-топ) жеңімпазы атанды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Бір қызығы, бұл жарыста ол былтырғы тәжірибелі жеңімпаз Мими Какушиден басым түсті. Дәлірек айтсақ, оның қожайыны Тілек Мұқанбетқалиев 1 миллион доллар көлеміндегі бас жүлдені жеңіп алды.

Айтпақшы, көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берер болсақ: Қабырхан – Кентуккиден сатып алынған асыл тұқымды араб жылқысы және ол америкалық жокей Патрик Доббспен бірге жарысады.

Осылайша ат өнеріне де ден қойылып, әлемдік деңгейде танылатын атбегілер қатары көбейеді.