Қ. Бишімбаевтың ісі сотқа жіберілді

Қ. Бишімбаевтың ісі сотқа жіберілді
Сурет: Qazaquni.kz

Әйелін ұрып өлтірді деп күдікке іліккен бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа жолданды.

Бұл туралы зардап шеккен тараптың қорғаушылары мәлімдеген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұған дейін ішкі істер министрінің орынбасары барлық сот медициналық сараптама аяқталған соң ғана, іс сотқа жіберілетінін айтқан.

Еске салайық, Қуандық Бишімбаевқа әйелі Салтанат Нүкенованы «қатігездікпен өлтірді» деген күдікпен қамалған болатын. Оқиға 2023 жылы 9 қарашада Астана қаласындағы «BAU» мейрамханасында болған.