Apple компаниясының жаңа құрылғылары таныстырылды

Apple компаниясының жаңа құрылғылары таныстырылды
Сурет: iXBT.com

Смартфондардан басқа Apple компаниясы қымбат емес iPad сериялары мен iPad Pro-ның жаңа буынын таныстырады.

Биылғы күзде Apple iPhone 14 сериялы телефон құрылғысынан басқа  да бірнеше өнім шығаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Журналистер Bloomberg басылымының шолушысы және инсайдер Марк Гурманға сілтеме жасайды. Маманның ашық айтылған ақпаратына сәйкес, Тим Куктың компаниясы көптеген жаңа құрылғыларды шығаруды жыл соңына дейін әдейі кейінге қалдырып отыр.

«Apple осы күзде өз тарихындағы жаңа аппараттық өнімдердің ең кең ауқымын дайындап жатқанын айтты маған», - деді Гурман.

Маман iPhone 14 сериясының флагмандықтары күздің негізгі шығарылымы болатынын айтты. Смартфондардан басқа Apple компаниясы қымбат емес iPad сериялары мен iPad Pro-ның жаңа буынын таныстырады.

Корпорация сонымен қатар Apple Watch смарт сағаттарының келесі буынын дайындауда. Марк Гурман жыл соңына дейін компания жаңартылған MacBook Air, MacBook Pro ноутбугының арзан нұсқасы және AirPods Pro құлаққаптарының екінші буынын жариялайтынын білді. Apple сонымен қатар M-сериялы процессорлардағы жаңа стационарлық компьютерлерін – iMac және Mac Pro көрсетеді.

IT алпауытының 2022 жылғы алғашқы оқиғасы наурыз немесе сәуір айларында өтетін тұсаукесері болады. Көктемгі таныстырылым жаңа iPhone SE, жаңартылған iPad Air және iMac немесе Mac mini туралы болады.

Марк Гурман айтқан Apple 2022 жылы шығаруы тиіс гаджеттердің тізімінде смарт көзілдіріктер де бар.