Италияның дәрігерлері мен санитарлары жұмыстан босатылды

Италияның дәрігерлері мен санитарлары жұмыстан босатылды
Сурет: Rg.ru

Бұған себеп – олардың коронавирусқа қарсы екпе салдырмағандығы.

Иммундау паспортынсыз медицина қызметкерлерін жұмысқа кіргізбейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың телеграм каналы сілтеме жасап.

Бұдан бұрын Италияда вакциналау құжатынсыз ешқайда баруға болмайтынын хабарлағанбыз.

Италияның 1 340 дәрігері мен санитары өз міндеттерін орындаудан шеттетілді. Олардың барлығы – коронавирусқа қарсы екпеден бас тартқандар.

Бұған дейін шеттетілген медициналық ұйымдардың 410 қызметкері екпе жасап, жұмысқа қайта оралды.

Италияда жаппай егу тегін және ерікті түрде жүргізілуде (дәрігерлер қоспағанда). 15 қазаннан бастап Үкіметтің шешімімен вакциналау туралы құжаты жоқ адамдар қоғамдық орындарға да, жұмысқа да бара алмайды.