Италиялықтар вакцинация құжатынсыз ешқайда бара алмайды

Италиялықтар вакцинация құжатынсыз ешқайда бара алмайды
Сурет: Ru.slovoidilo.ua

Ал құжатсыз жүргендерге €400 мен €1 000 аралығында айыппұл салынады.

Бүгіннен бастап Италияда вакцинация құжатынсыз ешқайда баруға болмайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың телеграм каналына сілтеме жасап.

Ковид-паспорттар немесе Green pass мемлекеттік және жеке сектордың қызметкерлері үшін міндетті болып табылады. Барлық жұмысшыларда COVID-19-қа қарсы вакцинацияның торлық курсынан өткен анықтама немесе ПТР тестінің теріс нәтижесі туралы анықтама болуы керек. Ковид-паспорт – бұл смартфондағы бағдарламаның көмегімен оқылатын QR-код. Қызметкердің жұмыс орнына ковид-паспортсыз кіру фактісі анықталған жағдайда жұмыс беруші мен қызметкерге айыппұл салынуы мүмкін.