Италия 53 жылдан соң чемпион атанды

Италия 53 жылдан соң чемпион атанды
kun.uz

Финалда Италия құрамасы Англия құрамасын Лондондағы Уэмбли стадионында пенальтиден жеңді.

Екі құрама бұған дейін 27 мәрте кездескен. Оның 10 кездесуінде Италия жеңіске жетіп, 8-нде Англия басым түссе, қалғанында тең нәтиже тіркелді.

Есепті екінші минутта ағылшындар ашты. Ойынның 67-ші минутта итальяндықтар Леонардо Бонуччидың голынан кейін таразы басын теңестірді. Негізгі уақыт тең аяқталды - 1:1.

Қосымша уақыт та тең нәтижемен аяқталды. Пенальти сериясында итальяндықтар қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті. Осылайша, итальяндықтар төртінші рет Еуропа чемпионатының финалында ойнап, екінші рет жеңімпаз болып отыр. Олар бұған дейін 1968 жылы еуроны жеңіп алған болатын.

Еске салайық, итальяндықтар топтық кезеңде Түркияны (3:0), Швейцарияны (3:0), Уэльсті (1:0) жеңген болатын. Екінші кезеңде итальяндықтар  Австрияны (2:1), Бельгияны (2:1) және Испаниядан (1:1, 4:2 - пенальтиде) басым түсті.