Истборн турнирінің ширек финалына Александр Бублик өтті

Истборн турнирінің ширек финалына Александр Бублик өтті
Сурет: 24.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 39-ракеткасы Александр Бублик Истборн (Ұлыбритания) ATP 250 турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 86-орында тұрған аустралиялық Джон Миллманмен шеберлік байқасты. А.Бублик бірінші партияда 6:4 есебімен басымдылық көрсетті. Екіншісінде қарқынын үдете түсті – 6:2. Бір сағатқа созылған матч барысында Бублик 15 эйс жасап, 3 брейк-пойнтты түгелдей пайдаланды. Қарсыласы эйспен де, брейкпен де көзге түсе алған жоқ. А.Бублик жартылай финалға шығу үшін әлемнің 14-інші, осы жарыстың үшінші ракеткасы, америкалық Тэйлор Фрицпен таласады. Т.Фриц екінші айналымда Тьяго Монтейроны жолдан тайдырды – 7:5, 6:3.

Тағы бір қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында пәкстандық Айсам Курешимен бірге ширек финалда нидерландылық Матве Мидделкоп – аустралиялық Люк Сэвилге есе жіберді – 6:4, 4:6, 3:10. Сөйтіп жартылай финалға шыға алмай қалды.

Сондай-ақ Зарина Дияс биылғы жарыстарға қатыса алмайтынын мәлімдеді.