Ислам Бозбаев бүгінгі жарысты сәтті бастады

Ислам Бозбаев бүгінгі жарысты сәтті бастады
Сурет: Inbusiness.kz

Токио Олимпиадасында дзюдо бойынша жарыстар жалғасып жатыр.

Бүгінгі жарыс күнінде татамиге ел сапынан Ислам Бозбаев шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ерлер арасында 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ислам Бозбаев бразилиялық Рафаель Македомен кездесті. Отандасымыз қарсыласын небәрі 31 секундта "иппон ұпайымен" жеңіп, келесі айналымға шықты. 

Екінші айналымда оның қарсыласы әзірбайжандық Мамадали Мехдиев болмақ.