Ираннан келген қандастар еліміздің солтүстік өңіріне қоныс тебеді

Ираннан келген қандастар еліміздің солтүстік өңіріне қоныс тебеді
Сурет: Inaktau.kz

Иран Ислам Республикасынан 53 қандас көшіп келді

Ираннан келген қандастарымыз мемлекет ұсынатын өңірлік квота аясында Солтүстік Қазақстан облысына қоныстанады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Көшіп келгеннен кейін оларға алдымен Нұр-Сұлтан қаласының көрікті жерлеріне экскурсия өткізіліп, арнайы ас берілді.

Бұған дейін 14 қыркүйекте Қазақстанға қоныс аударушылардың алғашқы легі келген еді. Барлық 13 адам (3 отбасы) Солтүстік Қазақстан облысына орналастырылды.

Аталмыш көш ҚР Сыртқы істер министрлігі, Еліміздің Ирандағы Елшілігі және Горган қаласындағы Бас консулдығы мен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және «Отандастар Қоры» КЕАҚ ұйымдастыруымен, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің қолдауымен жүзеге асырылуда.