Интернет-алаяқтықтың ең көп тараған түрлері қандай?

Интернет-алаяқтықтың ең көп тараған түрлері қандай?
Сурет: Polisia.kz

Онлайн несие беру, сайттар арқылы тұтыну тауарларына тапсырыс беру. Екіншіден, шоттардан ақша ұрлау, бұл жағдайда қылмыскерлер өздерін банк қауіпсіздік қызметкерлері ретінде көрсетеді. Үшіншіден, ақшаны әртүрлі жобаларға, ойындарға, инвестицияларға, т.б. “тиімді” ақша салу.

Алматы полицейлері интернет-алаяқтықтың түрлерін еске салады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Бүгінгі таңда азаматтардың көпшілігінің өмірін ұялы телефонсыз және интернет желісінсіз елестету қиын. Тамаққа тапсырыс беру, тауарларды, шоттарды төлеу, т.б. әрекеттерді үйде отырып-ақ жасауға болады. Кейбір адамдар үшін бұл уақытты үнемдеуге және өмірді жеңілдетуге тамаша мүмкіндік болса, басқа “кәсіпкер” азаматтар үшін алаяқтық әрекеттерге үлкен өріс ашылады. Жылдың басынан бері қалада 207 интернет-алаяқтық тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,3 есеге азайды. Дегенмен, әлі де болса дабыл қағып, азаматтардың назарын қауіпсіздік шараларына аудару қажет, бұл туралы әлеуметтік бейнероликтер және басқа да брошюралар, жадынамалар, т.б. көрнекі үгіт-насихат арқылы бірнеше рет айтқан болатынбыз. Өткен жылы шаһарда 97 интернет-алаяқтар ұсталды», – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Интернет-алаяқтықтың алдын алу және киберқылмысқа қарсы күрес бөлімшелерінің жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында ағымдағы жылы бірқатар профилактикалық іс-шаралар жоспарлануда. Соның ішінде LED-экрандарда, билбордтарда профилактикалық ақпаратты орналастыру, осы мәселені БАҚ-та кеңінен көрсету, сондай-ақ алаяқтардың құрбаны болмау туралы СМС хабарламалар жіберу, т.б. бар.