Индонезияда жер сілкініп, төрт адам қаза тапты

Индонезияда жер сілкініп, төрт адам қаза тапты
Сурет: Ашық дереккөз

Индонезияның шығысындағы Папуа провинциясында бейсенбі күні болған 5,4 балдық жер сілкінісінен төрт адам қаза тауып, бірнеше үй мен ғимарат қирады

Бұл туралы жергілікті Табиғи апатпен күрес және оның салдарын жою жөніндегі агенттіктің жедел басқару орталығының басшысы Джонатан Койревоа мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Жерасты дүмпулер қатты сезілді. Олар үйлерді, мейрамхана және басқа да ғимараттарды зақымдады», - деді ол телефон арқылы Синьхуа агенттігіне.

Елдің метеорология, климатология және геофизика агенттігінің мәліметінше, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 13:28-де болған, оның эпиценті Джаяпура провинциясының әкімшілік орталығынан оңтүстік-батысқа қарай бір шақырым жерде, ошағы 10 шақырым тереңдікте болған.