Индонезия, Таиланд, Вьетнам елдерінде сайлау учаскелері ашылды

Индонезия, Таиланд, Вьетнам елдерінде сайлау учаскелері ашылды
Сурет: ашық дереккөз

Джакарта, Бангкок мен Ханой қалаларында дауыс беру басталды.

Индонезия, Таиланд, Вьетнам елдерінде Қазақстан Партаменті Мәжілісі депутаттарының кезектен сый сайлауына дауыс беру басталды. Сайлау учаскелерінің ашылғаны туралы мәліметті ҚР Сыртқы істер министрлігің баспасөз қызметі мәлім етті, -деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Қазіргі уақытта Джакарта, Бангкок мен Ханой қалаларында сайлау учаскелері өз жұмысын бастады.

Бұған дейін Бейжің, Шанхай, Гонконг, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батыр қалаларында дауыс беру учаскелері ашылғанын хабарлағанбыз.

Ал Сеул мен Токиода сайлау учаскелері ең бірінші болып ашылды.