Иммунолог ковидтің жаңа қауіпті симптомын атады

Иммунолог ковидтің жаңа қауіпті симптомын атады
Сурет: Iz.ru

Ол – науқас  адамда дене температурасының күрт төмендеуі.

Иммунолог Владислав Жемчугов covid-19 вирусының жаңа қауіпті симптомын атады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Коронавирустың өлімге әкелетін клиникалық белгілерінің бірі - науқас адамда дене температурасының күрт төмендеуі.

«Егер адамның температурасы 36 және одан төмен болса, бұл жағдайы ең ауыр науқастар. Мұндай науқастардың жағдайына қарай әрекет етіп, арнайы препараттарды қолдану қажет», - деп атап өтті Жемчугов және мұқият болуға шақырды.

Ғалымның пікірінше, бұл ауыр жағдай, өлімнен бірнеше күн бұрын ағзаның токсиндермен күресуге қабілетсіздігін және вирусқа иммундық жауаптың жоқтығын көрсетеді.