Илон Маск Twitter иесі атанды

Илон Маск Twitter иесі атанды
Сурет: Profile.ru

Бизнесмен Twitter-ді 44 миллиард долларға сатып алды.

Илон Маск Twitter үшін 44 миллиард доллар жұмсады. Алты ай бойы түрлі заңдық талас-тартыстан соң, әлеуметтік желінің қожайыны атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Компания акционерлеріне акция үшін 54,20 доллар төленеді де, Twitter жеке компания ретінде жұмыс істей бастайды.

4 қазанда Маск өзіне қойылған алғашқы шарттар негізінде әрекет етуге келісіп, Дэлавера кеңсесінің судьясы тараптарға келісімді 28 қазанға дейін бітіруге уақыт берді. Бүгінгі таңда Tesla Inc. пен SpaceX компанияларының қожайыны болып табылатын Илон Маск тиісті талаптарды сақтай отырып, Twitter-дің иесі атанды.