Ильдар Құдайбергенов мықтылығын дәлелдеді

Ильдар Құдайбергенов мықтылығын дәлелдеді
Сурет: Рrosports.kz

Ильдар Құдайбергенов NFC чемпиондық белбеуін қорғап қалды

Алматыда аралас жекпе-жектен NFC 36 турнирі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рrosports.kz-ке сілтеме жасап

Кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтың чемпионы Ильдар Құдайбергенов пен үміткер Серікбай Ходажабаев кездесті.

Жекпе-жек толық 5 раунд жалғасып, төрешілер шешімімен Ильдар Құдайбергенов белбеуін қорғап қалды.

Осылайша, Ильдар Құдайбергенов мансабындағы бесінші жеңіске жетті. Ол әлі бірде-бір мәрте жеңілмеген.