IBF Головкинді чемпиондық белбеуін қорғауға міндеттемек

IBF Головкинді чемпиондық белбеуін қорғауға міндеттемек
Сурет: Ашық дереккөзі

GGG мен Эскива Фалькао арасында жекпе-жек өтуі мүмкін

Дүниежүзілік бокс қауымдастығынан (WBA) кейін Халықаралық бокс федерациясы (IBF) да қазақстандық Геннадий Головкинді орта салмақтағы чемпиондық атағын қорғауға міндеттеуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еl.kz-ке сілтеме жасап.

«Халықаралық бокс федерациясы GGG мен Эскива Фалькао арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыру жұмыстарын бастауға уәде берді. Жаңалық күтеміз», - деп жазды бразилиялық журналист кіші Уилсон Бальдини твиттер желісінде.

Айта кетейік, бұған дейін WBA кубалық Эрисланди Лараны Головкиннің орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуіне міндетті үміткер ретінде жариялаған болатын. Лара WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы уақытша чемпион.