Бүгінге дейін «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына қанша қаржы жиналды?

Бүгінге дейін «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына қанша қаржы  жиналды?
Сурет: Newtimes.kz

2022 жылғы 16-19 қаңтар аралығында (қоса алғанда) қоғамдық қорға 16 167 қазақстандықтан 29.3 млн теңге түсті

Күні бүгінге шейін 75 заңды тұлғадан және ірі кәсіпкерлерден 19.2 млрд теңге түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік сала, мәдениет және спорт салаларындағы нақты мәселелерді шешу жөніндегі бастамасын қолдаған барлық қазақстандықтарға, ірі кәсіпорындарға, еңбек ұжымдарына алғыс білдірді.