Алматы әуежайы штаттық режимге көшеді

Алматы әуежайы штаттық режимге көшеді
Сурет: Іnform.kz

Аталған режимге бүгіннен бастап кіріседі

Алматы әуежайы штаттық режимде жұмыс істейді. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Алматыда төтенше жағдай режимі және коменданттық сағаттың аяқталуына байланысты 19 қаңтардан бастап Алматы халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмысын жүргізеді»,- делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 5 қаңтардан 19 қаңтарға дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен елдегі қиын жағдайға байланысты төтенше жағдай жарияланып, түнгі сағат 23:00-ден таңғы 7:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілген болатын.