Гүлмира Сатыбалдыны қамау мерзімі бір айға ұзарды

Таяуда Қайрат Сатыбалдыұлы мен Қайрат Боранбаевты қамау мерзімі бір айға ұзарған еді
Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыны қамау мерзімі бір айға ұзартты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
«2022 жылғы 13 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Г. Сатыбалдыға қатысты қамауда ұстау түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін 1 ай мерзімге ұзартты», - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.
Таяуда Қайрат Сатыбалдыұлы мен Қайрат Боранбаевты қамау мерзімі бір айға ұзарған еді.
Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталғаны 13 наурызда белгілі болған еді. Ол "Қазақтелеком" АҚ-да лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен қамауға алынған болатын.
Гүлмира Сатыбалды да тұтқындалып, бизнесті рейдерлік басып алуға, сондай-ақ 747 миллион теңге жымқыруға қатысы бар деген күдікке ілінген.