Гуманитарлық көмек ақылы жолдармен тегін жөнелтіледі

Гуманитарлық көмек ақылы жолдармен тегін жөнелтіледі
Сурет: интернеттен

Өтінім берген кезде көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірін және жоспарланған бағытты көрсету керек.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның мәліметінше, ҚР Көлік министрлігі және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге бағытталған жеке және заңды тұлғалардың барлық гуманитарлық жүктеріне 2024 жылдың 24 сәуірінен 5 мамыр аралығында ақылы жолдарда жол жүру тегін болады , деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ақылы жолдарда тегін жүру мүмкіндігін пайдалану үшін көлік жүргізушілері 1403 байланыс орталығына хабарласып, өтінім қалдыруы қажет. Өтінім берген кезде көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірін және жоспарланған бағытты көрсету керек.