Головкиннің келесі қарсыласы кім?

Головкиннің келесі қарсыласы кім?
Сурет: News.sportbox.ru

Британдық боксшы Крис Юбэнк кіші қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шықпақ. 

Крис Юбэнк ақпан айында рингке шығып, жерлесі Лиам Уильямсты жеңді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Sports.kz сайтының жазуынша, журналистердің бірі Юбэнкке блиц форматында қарсыласын қысқаша сипаттауды ұсынған, ал британдық спортшы Головкинді атаған.

- GGG – менің келесі қарсыласым, – деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкиннің соңғы жекпе-жегі қыркүйек айының ортасында өтті. Ол мексикалық Сауль «Канело» Альварестен (58-2-2, 39 КО) жеңіліп қалды.

Ал Крис Юбэнк ақпан айында рингке шығып, жерлесі Лиам Уильямсты жеңді (23-4-1, 18 КО).