Гинцбург балаларға арналған вакцина туралы айтты

Гинцбург  балаларға арналған вакцина туралы айтты
Сурет: Gazeta.ru

Бұдан бұрын елімізде қай жастағы балаларға екпе салынатыны туралы жазған болатынбыз.

Гинцбург  балаларға арналған коронавирусқа қарсы вакцина туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, COVID-19-ға қарсы балаларға арналған вакцина Sputnik V-дің 5 есе сұйылтылған  түрі екен.

Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық ғылыми орталығының директоры Александр Гинцбургтың  айтуынша, 12 мен 17 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған вакцинаның клиникалық сынақтарының қорытындысы Денсаулық сақтау министрлігінде екен.

«Зерттеу нәтижелері препараттың тиімді және қауіпсіз екенін көрсетті. Бұл вакцинаны салдырғаннан кейін балаларда пайда болатын антидене көрсеткіші дәл осы екпені алған үлкен адамдардағы антиденеге қарағанда  көбірек болады», деп атап өтті Гинцбург .

Ол мұның себебін балалардағы иммундық жүйенің антигендерге реакциясының күштілігімен түсіндірді.

Бұған дейін Гинцбург  балаларға арналған коронавирусқа қарсы вакцинаның атауын жариялаған болатын. Оның айтуынша, препарат Sputnik M  деп аталуы мүмкін, ондағы «М» әрпі «кішкентайлар үшін» дегенді білдіреді.