GGG кәсіпқой бокстан кетпейтінін мәлімдеді

GGG кәсіпқой бокстан кетпейтінін мәлімдеді
Сурет: Inform.kz

Лас-Вегастағы T-Mobile Arena стадионында өткен жекпе-жектен кейін Геннадий Головкин кәсіпқой бокстан кетпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Мексикалық Сауль Альварестен екінші рет жеңіліс тапқаннан кейін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин кәсіпқой бокстан әлі кетпейтінін мәлімдеді.

«Кәсіпқой бокстағы мансабың әрі қарай жалғаса ма?», - деп сұрады кеш жүргізушісі айқастан кейінгі сұхбатта.

«Әрине, менің үлкен жоспарларым бар. Көздеп жүрген қарсыластарым көп. «Канелоны»құттықтаймын және бүкіл бокс жанкүйерлерін құттықтаймын. Жігіттер, естеріңде болсын, менің орта салмақта үш белбеуім бар. Мені әлі ораламын. Мені әлі деболса чемпионмын»,- деді Голвокин.

Еске салсақ, Головкин boxingnews24.com сайтындағы сұхбатында жанкүйерлер қаласа, Сауль Альвареспен төртінші жекпе-жеккеде шығуға әзір екенін мәлімдеген.

Соған қарамастан, Головкиннің кейінгі 4 жекпе-жегіне стриминг қызметін ұсынып келген DAZN компаниясы жоспарланған алты бокс кешінің ертеңгі бесіншісінен кейін «GGG»-мен арадағы келісімшартты тоқтататын болды.

Головкин-Альварес бокс кешінде тағы бір қазақстандық өнер көрсетеді. 27 жастағы Әли Ахмедов америкалық Габриэль Росадоны (26-15-1, 15КО) жеңді.