Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері ауысты

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері ауысты
Inform.kz

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкерінің міндетін атқарушы болып Андрей Карпович тағайындалды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

«Андрей Владимирович қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс. Ол ұлттық құрамада ең көп матч (55) өткізген ойыншылардың бестігіне кіреді. Бірнеше рет капитан ретінде алаңға шыққан болатын», - делінген ҚР Футбол федерациясының мәліметінде.

Карпович өзінің клубтық мансабында «Елім-ай», «Ертіс», «Қайрат», «Локомотив», «Ордабасы», «Шахтер», «Атырау», «Алтай», сондай-ақ ресейлік «Ростсельмаш» және мәскеулік «Динамо» командаларында ойнады.

Карпович бапкерлік мансабын «Қайрат» жүйесінде бастап, одан кейін 2 жыл «Оқжетпесті» жаттықтырды. 2021 жылдың басынан бері «Қызыл-Жардың» бас бапкері болды.

Айта кетейік, жаңа бас бапкердің командасы үшін алғашқы сынақ 24 наурызда Молдова құрамасына қарсы болады.