Қазақстандық гандболшылар Азия чемпионатындағы екінші ойынды жеңіспен аяқтады

Қазақстандық гандболшылар Азия чемпионатындағы екінші ойынды жеңіспен аяқтады
Сурет: Olympic.kz

Бұл бәсеке 2022 жылғы әлем чемпионтына іріктеу болып саналады.

Бұл күндері Алматыда гандболдан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр. Құрлық додасында қазақстандық спортшылар екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сілтеме жасап. 

Бірінші кездесуде қазақстандықтар Таиланд құрамасын 28:20 есебімен жеңді. 

Екінші ойында біздің команда ирандықтарды 30:24 есебімен ұтқан. 

Келесі кездесуде Қазақстан командасы үндістандықтарға қарсы ойнайды. Турнир 14 наурызға дейін жалғасады. 

Айта кетелік, бұл бәсеке 2022 жылғы әлем чемпионтына іріктеу болып саналады.