Футболдан Қазақстан командасы Арменияда жолдастық кездесу өткізеді

Футболдан Қазақстан командасы Арменияда жолдастық кездесу өткізеді
Сурет: Olympic.kz

Қазақстан Жастар командасы (U-19) Арменияда жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Нұр-Сұлтанда оқу-жаттығу жиынын өткізгеннен кейін команда Арменияға аттанады. Онда олар осы елдің құрамасымен 2 матч ойнайды.

19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы 8 ақпанда Ереванға аттанады.

Айта кетейік, биылдан бастап еліміздің жастар құрамасын Вахид Масудов басқарады. Бұған дейін ол "Ақтөбе" клубының бас бапкері қызметін атқарған. Өткен жылы U-19 құрамасын Александр Кузнецов жаттықтырған болатын.