Франция Президенті Эммануэль Макрон Қазақ елін Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

Франция Президенті Эммануэль Макрон Қазақ елін Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Сурет: Кatehon.com

Франция Президенті Эммануэль Макрон өз құттықтауында Қасым-Жомарт Тоқаевты және достас Қазақстан халқын шын жүректен құттықтап, бақ-береке тілеген.

Француз көшбасшысы Франция мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қарқынды дамып келе жатқанын атап өткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Аkorda.kz-ке сілтеме жасап

Сонымен қатар ол технологиялық инновация, энергетика, «жасыл» экономикалық өсім мен орнықтылықты ілгерілету, көлік және тау-кен өнеркәсібі, денсаулық сақтау, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық салаларындағы екіжақты ықпалдастықты нығайту үшін зор мүмкіндік бар екеніне назар аударған.

– Егер Сіздің тығыз жұмыс кестеңіз мүмкіндік беретін болса, екіжақты күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бәрін жан-жақты талқылау үшін өзіңізбен Парижде кездесуге қуанышты болар едім, – деп жазған Эммануэль Макрон.