Еуропарламент депутаттары Қазақстанға келеді

Еуропарламент депутаттары Қазақстанға келеді
Сурет: ашық дереккөз

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.

21-23 тамыз күндері Еуропалық Парламенттің Сыртқы істер комитетінің төрағасы Дэвид Макаллистер бастаған депутаттар делегациясы Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Сапар аясында Еуропарламент делегациясының ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қаринмен, ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспанмен, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артур Ластаевпен, бірқатар мемлекеттік орган басшылығымен кездесулері жоспарланған», - деді ресми өкіл министрліктің апталық брифингінде.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ және оның мүше мемлекеттері арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімнің іске асырылуына қатысты пікір алмасады.

«Аталған құжат визалық режимді жеңілдетуді, Қазақстанды санкциялардың теріс әсерінен қорғауды, «Орта дәлізді» және көліктік өзара байланысты дамытуды, аса маңызды шикізат материалдары саласындағы ынтымақтастықты, климаттың өзгеруін және «жасыл» энергетиканы қоса алғанда, өзара іс-қимылдың 29 саласын қамтиды», - деді А. Смадияров.