Еуропа ғалымдары көзді ашытпайтын пиязды өсіріп шығарды

Еуропа ғалымдары көзді ашытпайтын пиязды өсіріп шығарды
Cурет: Ашық дереккөз

Технолог ғалымдар оны жасауға 24 жылын сарп еткен

Еуропада адамның көзін жасауратпайтын пияз сұрпы бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

 Технолог ғалымдар оны жасауға 24 жылын сарп етіпті. Кеткен ақша да әжепәуір - 5 миллион доллар. 

Жаңа пияз Ұлыбритания дүкендерінде келесі аптада пайда болады. Бұл біреулерге ұнағанымен біреулерге ұнамай тұр. Өйткені бағасы сарымсақ, жуадан жоғары. 

Тіпті кәдімгі пияздан 3 есе қымбат. 

«Егер пиязды көп мөлшерде тұтынатын болсам, онда ойланып көруге болар еді. Оның бәрін тазалап біткенше көзден көз қалмайды ғой. Бірақ менің бюджетім шектеулі. Сондықтан 3 есе көп төлеуге дайын емеспін»,-дейді блогер Кэти Брайсон.