Еуроодақ төрағалығы Бельгияға өтті

Еуроодақ төрағалығы Бельгияға өтті
Сурет: ашық дереккөз

Бүгіннен бастап Еуропалық одаққа Бельгия төрағалық етеді.

Бұған дейін ол мәртебеге Испания ие болған. Төрағалық жарты жыл сайын ауысып отырады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Алдағы апталарда Бельгия тарапы одақтың ұзақмерзімді бюджетін жоспарлауға кіріседі. Сонымен қоса 6 ай ішінде реформалар жүргізіп, экономиканың бәсекеге қабілеттігін арттыруға ниетті. Ресми Брюссель бірлестіктің сыртқы шекараларын қорғауға да көп көңіл бөлетінін жеткізді.