Президент мемлекеттік құрылымдар әзірлеген барлық ақпараттық жүйеге тексеру жүргізуді тапсырды

Президент мемлекеттік құрылымдар әзірлеген барлық ақпараттық жүйеге тексеру жүргізуді тапсырды
Inform.kz

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңесте ақпараттық жүйелер мен деректер базасының жұмысына қатысты мәселелерге арнайы тоқтады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа  сілтеме жасап.

«Олар қандай міндеттер орындайды, оларға кімнің қолы жетімді, қанша қаржы жұмсалды, азаматтар мен мемлекетке одан қандай пайда бар? Цифрландыру жөніндегі жұмыстардың басымдықтары нақты жүйеленуі керек. Мемлекет қызмет түрлерін алуды шынайы түрде жеңілдететін «Электронды үкімет» немесе жүргізушілердің жол жүру тәртібін күшейткен және жол ережелерінің бұзылуын тіркеуде адами факторды алмастырған «Сергек» сияқты жобалар болса, онда жөн. Сонымен қатар егер цифрландыру деген желеумен бюджеттен қаржы жұмсалып, кейін ешкімге қажеті жоқ ресурстарға көрсетілген қызмет үшін біреулер миллиондап алатын болса, онда әңгіме басқа», – деді Президент.