Қарағанды облысында есепте тұрған зейнеткерлерге «Vero Cell» екпесі салынады

Қарағанды облысында есепте тұрған зейнеткерлерге «Vero Cell» екпесі салынады
24 kz

Қарағанды облысына қытайлық «Vero Cell» вакцинасының 40 мың дозасы келіп түсті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz  «Хабар 24». сілтеме жасап.

Бұл көлем 20 мың тұрғынды иммундау үшін жеткілікті. Вакцина екі компоненттен тұрады. Қос бөлікті егу арасы кемі 21 тәулік болуы тиіс. Аталған вакцина емханада қосымша ауруларымен есепте тұрған зейнеткерлерге салынады. Себебі иниактивті екпе барынша жеңіл өтеді. Яғни онда ауруды тудыруы мүмкін вирустың бір бөлігі жойылады, нәтижесінде оның антидене тудыратын қабілеті сақталады.

Айта кету керек, «Vero Cell препаратын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған. Қарағанды облысында екпенің екі компонентін қабылдағандар саны 340 мыңнан асты.