22.02.2022: Алматыда 266 жұп отбасын құрды

22.02.2022: Алматыда 266 жұп отбасын құрды
Сурет: Bd-cctv.com

Қарапайым күндермен салыстырғанда 2,5 есе көп.

Бүгін, 22 ақпан күні, мегаполисте 266 жұп отбасын құрды. Бұл туралы Алматы қалалық әділет департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, бүгін некесін қидыруға ниет білдіргендердің саны қарапайым күндермен салыстырғанда 2,5 есе көп болған.

«Алматы қаласында орналасқан сегіз АХАЖ бөлімі жас жұбайларға толы. Бүгін 266 жұп неке қидырды. Бұл қарапайым күндермен салыстырғанда 2,5 есе көп. Бізде күніне 20-дан 100- ге дейін тіркейтін. Жас жұбайлар осындай ерекше үйлескен сандары бар күнді таңдайды. Көп адам 22.02.2022 күннің таңғажайып екеніне сенімді. Сондықтан ерекше назар аударады»,- деп атап өтті департаменттен.