Brent маркалы мұнайдың баррелі 96 доллардан асты

Brent маркалы мұнайдың баррелі 96 доллардан асты
Сурет: Facebook.com

Сарапшылардың болжамы расталып келеді.

Сейсенбі күні мұнай бағасы өсті. Мұнай құны көтеріліп, Ресейдің Украинаға толық ауқымды әскери басып кіру қаупі жағдайында жеті жылдағы ең жоғары деңгейін жаңартты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Interfax.ru сілтеме жасап. 

Мәскеу уақытымен таңғы сағат 8:09-да Лондондағы ICE Futures биржасында сәуірдегі Brent фьючерстері 1,41 долларға (1,48%) қымбаттап, барреліне 96,8 долларды құрады. Алдыңғы сессияда Brent 2%-ға – барреліне 95,39 долларға дейін қымбаттады. 

Бұған дейін кейбір сарапшылар Украинаның шығысында шиеленіс ушығатын болса, Ресейден мұнай тасмалдауға келтіріліген қауіптен қорқып, Brent мұнайының бағасы барреліне 100 доллардан асуы мүмкін екенін ескерткен.